Мансап

Сәулетші

AVA қазіргі уақытта 3-5 жылдық тәжірибесі бар сәулетші іздеу үстінде. Сәулетші міндетіне жобалау мен дизайнның барлық кезеңдеріне қатысу кіреді. Жобалар ауқымына, түріне және орналасқан орнына қарай әртүрлі болуы мүмкін.

Үміткерге қойылатын талаптар:
  • Дизайн, графика мен байланыстағы тәжірибесі 3-5 жылдан кем емес
  • Орындау құжаттамасын жүргізу стандарттарын білуі
  • Аса жинақы болуы
  • Детальдарға мән беруі
  • ArchiCAD, Revit, Vectorworks, Sketchup, Photoshop және басқа бірқатар компьютерлік бағдарламаларды білуі
  • Ағылшын тілін білгені дұрыс
  • Ынталылық, мақсатқа жетемін деген құлшыныс және еңбек жолындағы қайсарлық
  • Жоғары деңгейдегі дизайнға деген ұмтылыс
3D Сәулетші

AVA компаниясы жоғары сапалы жобаларды жобалау және құрылыс тәжірибесі бар 3D Сәулетші іздейді. Үміткер сандық модельдеу мен рендерингтің әдіс-тәсілін жақсы білуі, барлық сәулеттік дизайн бағдарламаларын сауатты түрде қолдана алуы керек.

Үміткерге қойылатын талаптарға келесілер кіреді:
  • Элиталық тұрғын үй жобалық-сметалық құжаттамасы мен детализациясындағы жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл
  • Жоғары санатты жобалардың ішкі жөндеу жұмыстары мен шағын жеке жобалардағы жұмыс тәжірибесінің болуы
  • Жобаларды басқару, зерттеу жүргізу және өз бетімен жұмыс істеу мүмкіндігінің болуы
  • ArchiCAD бағдарламасын жақсы білуі
  • 3D Studio MAX модельдеу мүмкіндіктері және Vray әдістерін жақсы білуі
  • Жобалау мен графикада ауқымды білімінің бар екендігі
  • Еңбекқорлық, сенімге ие болу, адамдармен байланыс орната білу
  • Сәулетте Бакалавр дәрежесі
  •  
  • Қазақстан Республикасында жұмыс істеу мүмкіндігінің бар екендігі
Жобаның бас сәулетшісі

AVA компаниясының жігерлі ортасы зерттеу жұмыстары мен заманауи концепт-дизайнға бейімділікке баса мән береді. Қатары артып келе жатқан кеңсе даму үстіндегі түрлі тұрғын үй, коммерциялық және халықтық жобаларға ие.

Жобаның бас сәулетшісі орнынан үміткер келесі талаптарға сай болуы қажет:
  • Тұрғын үй резиденциялары мен көпшілік ғимараттарының сәулеттік жобалауы мен құрылысындағы өтілі кем дегенде 5-7 жыл
  • Детализация мен құрылыс техникасына аса қатты басымдық берілген жобалық-сметалық құжаттама жүргізудегі тәжірибесі
  • Детальдандырылған экстерьер мен интерьерді тапсырыс бойынша жасақтау және келісім шарттары үшін стандардартты жағдайға бейімдеу мүмкіндігі
  • Материалдар туралы жақсы білімінің барлығы және жеткізушілер мен өндірушілермен жұмыс тәжірибесі
  • Инженерлермен жұмыс істеу және сызба жинағын үйлестіру тәжірибесі
  • Құрылыс нормалары және ережелері мен техникалық стандарттар туралы қажетті білім
  • Мердігерлер және кеңесшілермен жұмысты үйлестіре отырып құрылыс әкімшілігін жүргізу тәжірибесі
  • Құрау, модельдеу және рендеринг үшін AutoCAD, Rhino және V-Ray бағдарламаларын білуі
  • Бірнеше тапсырманы қатар алып жүріп, уақытында тапсырып отыруы
  • Жоба мен құрылыстың техникалық аспектілерін дамыту, тексеру және үйлестіру мүмкіндіктері және өндіріс пен жобаларды қарастыру үшін қойылған стандарттар бойынша жұмыс жүргізе алуы
  • Revit және BIM-мен жұмыс тәжірибесі
  • Adobe Suite білуі

Байланыс